ТҮРКІСТАНДА ҚАЛАНЫҢ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 18
    Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінің отырысында шаһардың сәулеттік келбетін дамытуға, қоғамдық кеңістіктерді көркейтуге және заманауи инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған бірқатар жоба қаралды.
    Кеңес отырысында «Green Park» және «DREAM CITY» тұрғын үй кешендерінің, 14 қабатты қонақ үйдің, медициналық оңалту орталығының, коммерциялық ғимараттар мен қоғамдық тамақтану орындарының жобалары таныстырылды. Сондай-ақ гүлдер қатары, скверлер мен аллеялар салу, автотұрақтарды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
    Кеңесте әрбір жобаның қала құрылысы талаптарына сәйкестігіне, сәулеттік шешімдеріне және қоршаған ортамен үйлесімділігіне назар аударылды. Нысандарды жоспарлау кезінде қоғамдық кеңістіктердің қолжетімділігі, аумақтардың абаттандырылуы және қалалық ортаның тұтастығы ескерілуі қажеттігі атап өтілді.
    Жиында бірқатар жобалар кеңес мүшелерінің келісімімен қолдау тауып, келесі кезеңге жолданса, бірқатары қайта өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қайтарылды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары