«Жеp қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Кодекс) сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану операциялары бойынша есептілікті уақтылы ұсынуға міндетті.
Есептілік мерзімді (белгілі бір есепті кезеңдегі қызмет нәтижелері туралы ақпаратты қамтиды) немесе біржолғы (нақты мәселе бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесі туралы мемлекеттік органды хабардар ету мақсатында ұсынылады) болуы мүмкін. Есептіліктің құрамы мен оны ұсыну тәртібі Кодекстің Ерекше бөлігінің ережелерімен айқындалады.
Есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (ӘҚБтК) 349-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.
2026 жылдың 9 айында әкімшілік жауапкершілікке 127 жер қойнауын пайдаланушы тартылды.
Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы: 6 530 750 теңге.
Ерікті түрде төленгені: 107 әкімшілік айыппұл.
Мәжбүрлеп өндіріп алуға бағытталғаны: 20 материал (сот орындаушыларына берілді).
Есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында ӨД жыл сайын жер қойнауын пайдаланушыларға ресми хабарламалар жібереді. Оларда Кодекске сәйкес есептілікті тапсырудың тәртібі, тәсілдері мен соңғы мерзімдері көрсетіледі.









