Бармай жүргізілетін профилактикалық бақылау нәтижелері туралы

    Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан өңірлік инспекциялары Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің талаптарын сақтау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде (67, 67-1-баптар), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес 808 субъектіге (объектіге) қатысты бармай профилактикалық бақылау жүргізді.

    Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Кодекске сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын геологиялық есептерді, өндірілген пайдалы қазбалар туралы есептерді және нормаланған ысыраптар туралы деректерді, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.

    Бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша бұзушылықтарға жол берген жер қойнауын пайдаланушыларға оларды жою туралы 60 хабарлама жіберілді.

    Белгіленген мерзімде бұзушылықтарды жоймаған 6 бақылау субъектісі бойынша оларды 2027 жылдың 1-жартыжылдығына бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне енгізу үшін материалдар жіберілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары