Ұлттық мереке қарсаңында ӨД-те Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    1 / 4

    Ұлттық мереке қарсаңында ӨД-те Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара басында, басшылық қызметкерлерді Республика күнімен құттықтап, геология саласын дамытудағы күнделікті еңбектерінің маңыздылығын атап өтті.

    Ресми бөлімі аясында адал еңбегі және саланың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ерекше көзге түскен мамандарды марапаттау рәсімі өтті:

    Тайкенова Н.Р. — минералдық-шикізат базасын, гидрогеологияны және қауіпті геологиялық үдерістерді зерттеу бөлімінің бас маманы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды

    Хасенов Д.Ж. — Солтүстік Қазақстан өңірлік инспекциясының басшысы Геология комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

    Махмутов Е.Ж. — мемлекеттік баланс және геологиялық қорлар бөлімінің басшысы Геология комитеті төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

    Бәри Н.К. — минералдық-шикізат базасының жай-күйін зерттеу, гидрогеология және қауіпті геологиялық процестер бөлімінің бас маманы, Овчаров А.И. — минералдық-шикізат базасын, гидрогеологияны және қауіпті геологиялық үдерістерді зерттеу бөлімінің бас маманы ӨД басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары