Жетісу облысы Полиция департаментінде әр дүйсенбі сайын жеке құраммен саптық даярлық сабақтары өткізіледі. Оның мақсаты – қызметтік тәртіпті нығайту, саптық машықтарды жетілдіру және қызметкерлердің патриоттық рухын арттыру.
Кезекті сабақ барысында полицейлер саптық даярлық элементтерін, әскери сәлемдесу тәртібін, басшылық құраммен амандасуды және салтанатты шерумен жүруді пысықтады.
Іс-шараның патриоттық мәніне ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі Мемлекеттік Әнұранды орындаумен қатар өтіп, әрбір қызметкерге Отан алдындағы абыройын, борышы мен жауапкершілігін еске салды.
Саптық даярлық – кәсіби дағдыларды жетілдіру ғана емес, сонымен қатар тәртіпті, ұйымшылдықты қалыптастырудың және мемлекеттік рәміздерге құрметті арттырудың маңызды бөлігі.
Жетісу облысының полицейлері Антқа адал болып, заң мен халыққа қызмет ету қағидаттарын берік ұстана отырып, кәсіби біліктіліктерін жетілдіруді жалғастыруда.









