Алимент төлеу — міндет, оны орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген

    1 / 2

    Талдықорған қаласы Полиция басқармасының қызметкері алимент төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салды.

    Кәмелетке толмаған балаларды асырау міндеті Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген. Тұрақты жұмыстың болмауы, несиелер мен басқа да қарыздардың болуы ата-ананы бұл міндетті орындаудан босатпайды.

    Алимент бойынша берешек қалыптасқан, төлеуден жалтарған немесе сот орындаушысына келмеген жағдайда, кінәлі тұлғалар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

    Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес, сот шешімі бойынша балаларды асырауға арналған қаражатты төлеу міндетін орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген.

    Естеріңізде болсын: баланы асырау — таңдау емес, әрбір ата-ананың міндеті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары