Ұлттық ұлан — қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полицияның маңызды көмекшілерінің бірі. Құқық қорғау органдары мен әскери қызметшілердің тығыз өзара іс-қимылы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және Жетісу облысы тұрғындарының тыныштығын сақтауға мүмкіндік береді.
Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсайынов әскери қызметшілермен кездесіп, мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарды құттықтап, әскери борышын адал атқарып жүргені үшін алғыс білдірді.
Кездесу барысында қырағылық танытып, есірткі заттарымен жүрген ер адамды ұстаған сарбаздарға ерекше назар аударылды. Олардың әрекеті қызметке жауапкершілікпен қараудың және қоғам қауіпсіздігі жолында батыл әрекет етуге дайын болудың үлгісі болды.
Сондай-ақ әскери қызметшілердің ата-аналарына да құрмет көрсетілді. Әсіресе туған жерінен жырақта әскери борышын өтеп жүрген ұлдарының ата-аналарының жүрекжарды лебіздері әсерлі болды. Олар көрсетілген ықылас пен қолдау үшін алғыстарын білдіріп, балаларының командирлері мен қаруластарының қамқорлығында екеніне көз жеткізудің маңызды екенін атап өтті.
Жетісу облысы Полиция департаменті басшылығының атынан ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге алғыс хаттар табысталды.
Мұндай кездесулер полиция мен Ұлттық ұлан арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, қызметтегі жетістіктердің артында жас азаматтардың, олардың отбасыларының және ел қауіпсіздігі үшін ортақ жауапкершіліктің тұрғанын тағы бір мәрте көрсетеді.









