Жетісу облысында ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

    Жетісу облысының полициясы ойын-сауық орындарында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында «102» арнасына ойын-сауық орындарына қатысты 248 хабарлама келіп түскен. Оның 12-сі бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркеліп, 126 факті әкімшілік тәртіппен рәсімделген. Ал 110 материал бойынша әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталмаған. Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар Талдықорған қаласындағы «Фаворит», «Банка-Бар», «Арафат», «Бек», «Шайхана», «Бар бол», «Алтын ғасыр», «Гранд холл», «Шишка бар» және «Керуен» ойын-сауық орындарында орын алған. Сонымен қатар, Алакөл ауданындағы «Графит» және Панфилов ауданындағы «Магнит» орындарында да қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелген. Қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция олардың себептері мен ықпал етуші жағдайларын зерделеп, қауіп деңгейі жоғары нысандарда профилактикалық жұмыстарды күшейтуде. Бұл шараларға учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция жасақтары және басқа да бейінді қызметтер жұмылдырылған. Сонымен қатар, ойын-сауық орындарының әкімшілігімен және меншік иелерімен қоғамдық тәртіп талаптарын сақтау, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бейнебақылау жүйелерінің жарамдылығын қадағалау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және Жетісу облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары