Жетісу облысында «Салауатты қоғам — есірткісіз болашақ» марафоны өтті

    1 / 2

    Жетісу облысында салауатты өмір салтын насихаттауға, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға және жастар арасында есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Салауатты қоғам — есірткісіз болашақ» атты облыстық марафон өтті.

    Іс-шараға 500-ге жуық адам, оның ішінде еріктілер, жастар өкілдері және Жетісу облысының полиция қызметкерлері қатысты.

    Марафон аясында қатысушылар салауатты өмір салтын ұстану және есірткісіз болашақ құру идеясын қолдады. Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға, есірткі заттарының зиянын түсіндіруге және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

    Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделермен марапатталды. Сонымен қатар басқа қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары табысталды.

    Мұндай іс-шаралар полиция мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтуға, жастарды оң бастамаларға тартуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.

    Салауатты қоғам — әрқайсымыздан басталады!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары