Талдықорғанда тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылды

    1 / 3

    Жол қозғалысы ережелері – жай ғана заң талабы емес. Әрбір ереженің артында адам өмірі тұр. Оларды сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алып, адам өмірін қорғауға мүмкіндік береді.

    Талдықорған қаласында полицияның Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары 21 мен 25 жас аралығындағы жастардың жолдағы қауіпті әрекеттерін тіркеді. Қозғалыстағы автокөліктің люгінен денелерін сыртқа шығарған жолаушылар өздерінің ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірген.

    Тексеру барысында барлық құқық бұзушылардың жеке басы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізушілер жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін, ал жолаушылар өздерінің заңға қайшы әрекеттері үшін жауап берді. Олардың барлығы Жетісу және Алматы облыстарының тұрғындары екені анықталды.

    Бұл жағдай алғашында жай ғана ермек болып көрінетін әрекеттің орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Кенет тежегішті басу, күтпеген маневр жасау немесе тепе-теңдікті жоғалту санаулы секунд ішінде қайғылы оқиғаға себеп болуы ықтимал.

    Құрметті жүргізушілер мен жолаушылар! Өздеріңіздің және айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндірмеңіздер. Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың міндеті.

    Есте сақтаңыздар: жолда ұсақ-түйек болмайды. Жауапкершілік пен өзара құрмет – адам өмірін сақтаудың басты кепілі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары