ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ 90%-ДАН АСТАМЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың әлеуметтік қолдауды алуын жеңілдету үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта көрсетілетін 49 мемлекеттік қызметтің 45-ін, яғни 91,8 пайызын электронды түрде алуға болады. Ал 28 қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігі қарастырылған.

    Қызмет түріне қарай азаматтар электронды үкімет порталын, Enbek.kz электрондық еңбек биржасын, eGov Mobile мобильді қосымшасын және екінші деңгейлі банктердің қосымшаларын пайдалана алады. Бұл сервистер арқылы мемлекеттік қызметтерге қашықтан өтініш беруге болады. Осылайша, мекемелерге барудың қажеті азаяды.

    Министрлік проактивті қызмет көрсетуді де дамытуда. Бұл жағдайда қызмет ұсыну бастамасын мемлекеттің өзі көтереді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде тиісті қолдауды алуы мүмкін азаматтар анықталып, оларға қызметті алу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі.

    Бұл тәсіл азаматтардың қажетті мемлекеттік қызметті алу үдерісін бастауын жеңілдетеді. Азамат өзіне тиесілі қолдау шаралары туралы білу үшін мемлекеттік органға баруға немесе арнайы өтініш беруге міндетті емес. Ал қызметті рәсімдеу тәртібі оның түрі мен белгіленген талаптарына қарай айқындалады.

    Қазіргі уақытта 28 мемлекеттік қызметті проактивті форматта көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жалпы мемлекеттік қызметтер санының 57,1 пайызын құрайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары