Қарттар күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді

    1 / 3

    Халықаралық қарттар күніне орай Шортанды ауданының әкімі Искакова Рысты Қайролловна, Якимова Софья Тимофеевна және Баюра Евдокия Яковлевнаны мерекемен құттықтап, арнайы барып қайтты.

    Кездесу барысында аудан әкімі аға буын өкілдеріне жылы лебізін білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегінің қоғам үшін маңыздылығын атап өтіп, ауданның дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

    Қарттар күні – аға буынға құрмет көрсетіп, олардың өмір жолы мен еңбегін бағалайтын ерекше мереке. Ардагерлерге қамқорлық таныту, олардың жағдайына көңіл бөлу және еңбегін құрметтеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шортанды ауданының әкімдігі" жаңалықтары