Ұстаздар күні аталып өтті

    Ұстаздар күні аталып өтті

    Шортанды ауданында Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

    Мерекелік шараға ауданның білім беру саласының ұстаздары мен ардагерлері қатысып, кәсіби мерекелерін атап өтті.

    Іс-шара барысында аудан әкімі ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріне алғыс білдірді. Сонымен қатар, білім беру саласына қосқан үлесі үшін бірқатар ұстаздарға Алғыс хаттар табысталды.

    Мерекелік кеште ұстаздарға арналған музыкалық концерттік бағдарлама ұсынылып, әндер шырқалып, шығармашылық қойылымдар көрсетілді.

    Іс-шара көтеріңкі көңіл-күймен өтіп, ұстаздарға мерекелік сыйластық пен жылы лебізге толы болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шортанды ауданының әкімдігі" жаңалықтары