
Бозайғыр ауылдық округінде тұрғындармен кезекті есептік кездесу өтті.
Кездесу барысында ауылдық округ әкімі атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асырылып жатқан жобалар және алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Сондай-ақ, аудан әкімі Шортанды ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып, атқарылып жатқан жұмыстарға, негізгі көрсеткіштерге және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерге тоқталды.
Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныстары мен сұрақтары тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.









