Гуанчжоу, 2026 жылғы 8 қазан – Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығының өкілдері «Гуанчжоу халықаралық сауда порты» жобасына жаһандық инвестиция тарту жөніндегі таныстырылымға қатысты.
Гуанчжоу қаласының Халық үкіметі ұйымдастырған іс-шарада қала әкімі Сунь Чжиян сөз сөйлеп, Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас директорының орынбасары Чжан Сянчэнь қатысушыларға бейнебайланыс арқылы үндеу жолдады. Қала әкімдігінің мәліметінше, іс-шара аясында 154 жоба бойынша стратегиялық ынтымақтастық жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізіліп, олардың 71-і сол жерде рәсімделген.
Жобаны Хуаду ауданында, Байюнь халықаралық әуежайының маңында іске асыру жоспарланып отыр. Оның аумағы шамамен 9,86 шаршы шақырымды, ал құрылыстың жалпы көлемі 14,5 млн шаршы метрді құрайды. Кешен сауда, көрме, цифрлық технологиялар, өндіріс және логистика инфрақұрылымын біріктіреді.
Жаңа платформа қазақстандық өнімдерді Қытай нарығына шығаруға, тікелей іскерлік байланыстар орнатуға және Қазақстанның ҚХР-дың оңтүстік өңірлерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашуы мүмкін.
Гуанчжоуда жаңа халықаралық сауда платформасының жобасы таныстырылды
1 / 3
Ұқсас материалдар

ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Жетісуда жылжымайтын мүлік мәмілелерін рәсімдеу тәртібі өзгерді
Алакөл ауданының әкімдігіАшу
Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтініштерін қабылдауға арналған Telegram-бот @agromaselebot іске қосылды
"Сарыкеңгір селолық округі Малшыбай селосы әкімінің аппараты" ММАшуАлматыда мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge 2026 халықаралық турнирі аяқталды
Алматы қаласының әкімдігіАшу
«Ақтөбе – Ұлғайсын» автожолын реконструкциялау жұмыстары жалғасуда
Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыАшу
"Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы (ҚХР) Бас консулдығы" жаңалықтары

Қазақстан мен Қытай зияткерлік спорт түрлері саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы (ҚХР) Бас консулдығыАшу
Қазақстандық дипломаттар Гуанчжоудың биофармацевтикалық мүмкіндіктерімен танысты
Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы (ҚХР) Бас консулдығыАшуҚазақстан азаматтарының назарына
Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы (ҚХР) Бас консулдығыАшу
Қазақстан Гуанчжоуда өткен 9-шы CIIE роуд-шоуына қатысты
Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы (ҚХР) Бас консулдығыАшу
Қазақстанның Бас консулы CITIE 2026 Гуандун халықаралық туристік индустрия көрмесіне қатысты
Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы (ҚХР) Бас консулдығыАшу