Дамса ауылында тұрғындармен кезекті кездесу өтті

    Дамса ауылында тұрғындармен кезекті кездесу өтті

    Дамса ауылында Шортанды ауданы әкімінің тұрғындармен кезекті кездесуі өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты мамандар, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

    Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауылдың инфрақұрылымын дамыту, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдар, сумен қамту және басқа да маңызды мәселелер талқыланды.

    Аудан әкімі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен негізгі міндеттер туралы ақпарат берді.

    Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ауылды дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Әрбір мәселе бойынша жауапты мамандар түсініктеме беріп, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды.

    Кездесу соңында тұрғындардың ұсыныстары мен көтерген мәселелері назарға алынып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шортанды ауданының әкімдігі" жаңалықтары