
Байқоңыр ауданында қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Нұрлан Алимжанов аудан аумағындағы арнайы техникалардың қысқы кезеңге дайындығын тексерді.
Алдағы қыс мезгілінде қар тазалау және қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 250-ден астам арнайы техника мен 350-ге жуық жұмысшы жұмылдырылу жоспарлануда.
Тексеру барысында арнайы техникалардың жарамдылығый, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі, жанар-жағармай қоры және қар тазалау жұмыстарына дайындығы қаралды.
Аудан әкімі жауапты қызметтерге техникалардың уақытылы жұмысқа шығуын қамтамасыз етуді, жұмыстарды нақты үйлестіруді және тұрғындардан келіп түсетін өтініштерге жедел ден қоюды тапсырды.
Негізгі міндет — қысқы кезеңде қар тазалау жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүргізіп, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау.









