1 / 10
Елордада қысқы атмосфераны қалыптастыруға бағытталған безендіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Байқоңыр ауданында бірқатар көшеде сәндік жарықтандыру элементтері орнатылды. Атап айтқанда, А. Бараев көшесіндегі ағаштар арнайы жарықшамдармен безендіріліп, қосымша жарықтандыру құрылғылары қойылды.
Орнатылған жарықтар көше келбетіне ерекше сән беріп, қысқы кештердің көркін аша түспекші. Бұл безендіру жұмыстары ауданның эстетикалық келбетін жақсартуға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









