1 / 6
Бүгін Байқоңыр ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары мен басымдықтары талқыланды.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары Адамбек Кендебай Сарыбайұлы мен Нахбаева Гүлісхан Сайфуллинқызы, сондай-ақ аудан активі мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.
Жиын барысында Жолдауда белгіленген міндеттер, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және қоғамның өзекті мәселелерін шешу бағыттары талқыланды.
Қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамаларды іске асыру тетіктері мен алдағы міндеттер жөнінде пікір алмасты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









