БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНДА ӨРТ ҚАУПІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    1 / 10

    Елордадағы Байқоңыр ауданында аудан әкімдігі аппараты мен Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

    Шара аясында жеке тұрғын үйлер орналасқан секторлар мен жатақханаларда тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Мамандар жылыту пештерін қауіпсіз пайдалану, электр құралдарын қолдану кезінде сақтық шараларын сақтау, мұржаларды уақтылы тазалау және өрт шыққан жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі туралы түсіндіріп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салуда.

    Сонымен қатар, жеке тұрғын үйлерде мұржаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп, арнайы өрт дабылы құрылғылары орнатылуда.

    Аталған профилактикалық шаралар өрт шығу қаупін азайтуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары