
Елордалық Байқоңыр ауданында қоғамдық тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар жалғасуда.
Іс-шара аудан әкімдігі мен Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен өткізілуде. Рейд барысында қоғамдық тамақтану орындарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тексеріліп, кәсіпкерлер мен қызметкерлерге қауіпсіздік шаралары түсіндірілуде.
Жыл басынан бері аудан аумағындағы 115 қоғамдық тамақтану нысанында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мамандар өрттің алдын алу, эвакуациялық шығу жолдарын ашық ұстау, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын қамтамасыз ету және электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану қажеттігін атап өтті.
Түсіндіру жұмыстары мен рейдтер аудан аумағында тұрақты түрде жалғасатын болады.








