🔰Департамент басшысының орынбасары, әдеп уәкілі Анарбек Бисенбайұлы Кенжебаев Алға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп мәселелері тақырыбына қатысты жан-жақты пікір алмасу ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік тәртіп және олардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы сұрақтарына толыққанды жауап берілді.
Кездесу соңында жергілікті азаматтарды қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары сарапталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








