С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен «Адал азамат – ел болашағы: мемлекеттік қызмет – қоғамға қызмет ету жолы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.
Кездесуді университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Шыныбек Мусинұлы Бұхарбаев ашып, өзінің кіріспе сөзінде жастар арасында отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеудің, адалдық, азаматтық жауапкершілік және заңға құрметпен қарау қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың бойында адалдық, парасаттылық, азаматтық жауапкершілік және заңға құрметпен қарау қағидаттарын қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметке қоғамға қызмет етудің маңызды жолы ретінде қызығушылығын арттыру.
Кездесу барысында «Адал азамат» идеологиясына, құқықтық мәдениет, академиялық адалдық және отансүйгіштік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар студенттерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі ережелері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік көзқарасты қалыптастырудың, адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты әрі толық жауаптар алды. Іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыруға ықпал ететін ашық диалог форматында өтті.
«Адал азамат» әрқайсымыздан басталады!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









