2026 жылдың 17 қарашасында өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мамандарына Ақтөбе облысының әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Жұлдыз Қазиханқызы Қожабекова әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндады.
Заңға енгізілгін өзгерістер мен толықтырулар зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуге, суицидтің алдын алуға, отбасы институтын нығайтуға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Отбасы — тәрбие мен ұлттық құндылықтардың бастауы.
Бүгінде отбасы құндылықтарының төмендеуі, ажырасқан отбасылар санының артуы, ата-аналар мен балалар арасындағы психологиялық түсініспеушіліктер ұлттық тәрбие қағидаттарына қайшы келуде. Бұл - қоғамда ұлттық тәрбие мен отбасы құндылықтарының маңызын арттыру үшін жаңа көзқарастар мен әдістер қажеттілігін талап етеді. Бұл мәселе тек қана отбасы саласында ғана емес, бүкіл қоғамның әлеуметтік тұрғыдан дамуы мен тұрақтылығына әсер етеді.
Отбасы құндылықтары — қазақ қоғамының рухани дінгегі. Жаңа дәуірге аяқ басқан халқымыз үшін ұлттық мұраны сақтау, ел рухын нығайту, отбасылық құндылықтарды одан әрі дәріптеу – ұлттық бірегейлігіміз үшін басты бағдар болуы тиіс.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








