Шымкент қаласында «Үздік бөлімше командирі» байқауы өткізілді

    1 / 4

    Конкурстың мақсаты — өрт сөндірушілер бастықтарының шеберлігін арттыру, теориялық білім мен практикалық дағдыларын жетілдіру және жедел әрекет ету қабілетін дамыту.

    Байқау барысында қатысушылардың кәсіби білімі, тактикалық даярлығы, жеке құрамды басқару қабілеті, нормативтерді орындау деңгейі және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрі жедел шешім қабылдау дағдылары сынға түсті.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – өрт сөндіру бөлімшелері командирлерінің кәсіби шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасу және өрт сөндіру қызметінің тиімділігін арттыру.

    Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

    Мұндай кәсіби байқаулар жеке құрамның даярлық деңгейін арттыруға, қызметтік міндеттерді сапалы орындауға және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары