ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – БІЛІМГЕ ҚҰРМЕТ!

    Ұстаз – білім мен тәрбиенің шамшырағы, шәкірт жүрегіне жол тауып, оның болашағына бағыт-бағдар беретін ардақты тұлға. Бір білім ордасында бірнеше ондаған жыл бойы табанды еңбек ету – ұстаздық мамандыққа деген адалдық пен сүйіспеншіліктің, кәсіби шеберлік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.
    📚 Бөкей ордасы ауданы М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 30 жылдан астам уақыт бойы абыроймен еңбек етіп келе жатқан ардагер ұстаздарымызды ерекше мақтан тұтамыз:
    Лукпанова Актоты Болатовна -38 жыл
    Бектелеуова Бибигуль Камияровна-37 жыл
    Абдуллаева Карлыгаш Рахметуллина-35 жыл
    Танатов Музаппар Кабденович-34 жыл
    Дуйсенова Шынар Сериковна-33 жыл
    Байбеков Жаксылык Еркинович-33жыл
    Байбекова Райса Газизовна- 33 жыл
    Лукпанова Бакитгуль Сейтуовна-33 жыл
    Хайрушева Балжан Идановна-32 жыл
    Махметова Лаззат Едилбаевна -31 жыл
    Әрқайсыңыздың саналы ғұмырыңыз бен еселі еңбегіңіз – мектеп тарихының ажырамас бөлігі. Сіздер талай шәкіртке сапалы білім беріп, өмір жолына бағыт сілтеп, жас ұрпақтың бойына адамгершілік пен ізгіліктің дәнін егіп келесіздер.
    Ұстаздық жолда жинақтаған мол тәжірибелеріңіз – кейінгі буын үшін баға жетпес өнеге. Сіздердің әрбір жетістіктеріңіз бен шәкірттеріңіздің әрбір жеңісі – жылдар бойғы маңдай тер мен тынымсыз еңбектің жемісі.
    🌷 Құрметті ұстаздар!
    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
    Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Шәкірттеріңіздің биік белестерге жеткеніне куә болып, білім мен тәрбие жолындағы игі істеріңіз жалғаса берсін.
    Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жан тыныштығын, шығармашылық шабыт пен толағай табыс, ұзақ та мәнді ғұмыр тілейміз!
    💐 Ұстазға құрмет – білімге құрмет!
    Сіздердің еңбектеріңіз – ұрпақ болашағына қосылған баға жетпес үлес!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" жаңалықтары