БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

    Батыс Қазақстан облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатының директоры қызметіне Тұрлыбеков Еркін Балғабайұлы тағайындалды.
    Жаңа басшыны білім ордасының ұжымына Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин таныстырды.
    Еркін Балғабайұлы Шымкент қаласында дүниеге келген.Еңбек жолын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде бастап, кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, білім беру ұйымдарының директоры қызметтерін атқарған. Әртүрлі жылдары Шымкент, Алматы және Жамбыл облыстарындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаттарын басқарған.
    Білім беру саласындағы мол тәжірибесі мен басқарушылық білімі жаңа қызметінде білім сапасын арттыруға, дарынды оқушылардың қабілетін дамытуға және мектеп-лицейдің жетістіктерін одан әрі еселеуге бағытталмақ.
    Еркін Балғабайұлына жаңа қызметінде сәттілік, толағай табыс және жемісті еңбек тілейміз!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" жаңалықтары