
Мемлекеттік еңбек инспекторы Валеев А.М. «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «№2 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК қызметкерлеріне «Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормалары» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шара барысында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау мәселелері қаралып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормалары және оған енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
Жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттерін сақтау, жұмыс орнындағы қауіпсіздік талаптарын орындау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар соңында мемлекеттік еңбек инспекторы қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, қажетті түсіндірмелер берді.








