
Ауыл аумағындағы мекеме қызметкерлері арасында тазалықты сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және абаттандыру нысандарына ұқыпты қарау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қызметкерлерге ауыл аумағын және ортақ пайдаланылатын орындарды таза ұстау, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамау, абаттандыру нысандарына ұқыпты қарау және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндірілді.
Сонымен қатар, әрбір қызметкердің қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарап, ауылдың көркейіп, абаттануына үлес қосудың маңыздылығы атап өтілді.
Тазалық – ортақ міндет, тәртіп – ортақ жауапкершілік!









