
Астанада 7 қазан күні тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында несиеге берілетін тұрғын үй бойынша өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына сілтеме жасап.
Тұрғын үй А91 көшесіндегі 36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлерінде орналасқан. Нысандардың кодтары – 10336, 10338, 10339 және 10340.
Өтінімдер 7-19 қазан аралығында Baspana Market сайтындағы жеке кабинет арқылы қабылданады. Кандидаттарды іріктеу 21 қазанға жоспарланған.
Жалпы 562 пәтер ұсынылады. Оның ішінде:
• 1 бөлмелі – 166 пәтер;
• 2 бөлмелі – 276 пәтер;
• 3 бөлмелі – 80 пәтер;
• 4 бөлмелі – 40 пәтер.
Тұрғын үйлер 5 қабатты, лифт қарастырылмаған. Пәтерлер таза әрленген күйде беріледі.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны – 332 916 теңге.
Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – 5%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 5,2%-дан 5,8%-ға дейін. Бастапқы жарна мөлшері – 10%-дан бастап.







