Абай облысының жас құтқарушылары қауіпсіздік эстафетасын құрдастарына табыстауға дайын

    Абай облысының жас құтқарушылары қауіпсіздік эстафетасын құрдастарына табыстауға дайын

    Жаңа оқу жылының басталуымен «Жас құтқарушы» сыныптары жұмыс істейтін Абай облысының білім беру мекемелерінде оқушыларды қауіпсіздік дағдыларына үйрету жұмыстары қайта жанданды.
    Қазіргі уақытта облыс құтқарушылары «Оқушыдан оқушыға» ұранымен жас құтқарушылардың білімі мен практикалық дағдыларын жетілдіруде.
    Осы бастама аясында құтқарушылар Семей қаласының № 16 және № 19 орта мектептерінің оқушыларымен теориялық және практикалық сабақтар өткізді. Оқушылар төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарды пысықтады, жазғы және қысқы кезеңдерде суда қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету негіздерін зерделеді.
    Жас құтқарушылар алған білімдерін іс жүзінде бекітіп қана қоймай, құрдастарының алдында сенімді сөйлеуге, өмір мен денсаулықты сақтауға көмектесетін қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге үйренеді.
    Алдағы қыс мезгілінде жұқа мұз басқан су қоймалары ерекше қауіп төндіреді. Сондықтан мұзда жүру ережелеріне және жазатайым оқиғалардың алдын алуға көп көңіл бөлінеді.
    Алдағы уақытта жас құтқарушылар құтқарушылармен бірге басқа оқушыларға алған білімдері мен дағдыларын бере отырып, сабақтар өткізуді жоспарлап отыр.
    Мұндай бастама балалар арасында профилактикалық жұмысты кеңейтуге және «Оқушыдан оқушыға» қағидаты бойынша қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары