
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері «Батыс су арнасы»ЖШСнысанында жоспарлы практикалық сабақ өткізді.
Сабақ барысында құтқарушылар химиялық қауіпті заттардың таралуы жағдайында қауіпсіздік талаптарын сақтау, зардап шеккендерді қауіпті аймақтан жедел шығару және эвакуациялау, алғашқы көмек көрсету, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде өзара іс-қимыл жасау бойынша практикалық дағдыларын пысықтады.Тәжірибелік оқу барысында қызметкерлердің жедел әрекет етуі, қойылған міндеттерді нақты орындауы және қауіпсіздік шараларын сақтауы назарға алынды.
Мұндай жоспарлы практикалық сабақтар құтқарушылардың кәсіби даярлығын жетілдіруге, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі үйлесімді әрекет ету дағдыларын нығайтуға мүмкіндік береді.









