Қаратау флорасы 10 жаңа өсімдік түрімен толықты

    Қаратау флорасы 10 жаңа өсімдік түрімен толықты

    Қаратау мемлекеттік табиғи қорығында жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижесінде өңір флорасы үшін маңызды жаңалық анықталды — қорық аумағында бұрын тіркелмеген 10 жаңа өсімдік түрі анықталды. Ғылыми қызметкерлер жинаған гербарий үлгілерін камералдық өңдеу барысында бұл түрлердің Қаратау қорығы флорасы үшін жаңа екені нақтыланды. Бұл — қорық аумағындағы зерттеу жұмыстарының нәтижелі жүріп жатқанын көрсететін маңызды ғылыми дерек. Ерекше атап өтерлігі, жаңадан анықталған өсімдіктердің 4-еуі эндемик түрлерге жатады. Яғни, олар белгілі бір аймаққа ғана тән сирек өсімдіктер саналады. Мұндай жаңалықтар Қаратау өңірінің өсімдіктер дүниесі әлі де терең зерттеуді қажет ететінін және қорықтағы ғылыми жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңызын айқындай түседі. Әрбір жаңа түр — табиғаттың жаңа қыры. Ал әрбір ғылыми дерек — Қаратаудың табиғи мұрасын тереңірек тануға жасалған тағы бір маңызды қадам.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" жаңалықтары