Елордалық ұстаздар «Құрмет» орденімен марапатталды

    Елордалық ұстаздар «Құрмет» орденімен марапатталды

    Ұстаздар күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әр өңірінен келген педагогтермен кездесіп, білім саласының үздік өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Марапатталғандардың қатарында Астана қаласының екі педагогі бар. Елорда білім саласына ұзақ жылдар бойы еңбегі сіңген Гүлбану Қайсаева мен Ұлжан Рахмедьянова «Құрмет» орденімен марапатталды.

    Гүлбану Закариянқызы – білім беру саласында 35 жыл еңбек еткен, бүгінде зейнет демалысындағы ардагер ұстаз. Ол саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беруге арнады.

    Ал Ұлжан Әшімқызы – Астана қаласы әкімдігінің «№46 балабақша-мектеп-гимназия» кешенінің директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, неміс тілі пәнінің мұғалімі. Оның жалпы еңбек өтілі – 44 жыл, білім беру саласындағы еңбек өтілі де – 44 жыл. Осы ұжымдағы еңбек жолы 21 жылды құрайды.

    Мемлекеттік награда – педагогтердің көп жылғы еңбегіне берілген жоғары баға. Бұл марапат елорда ұстаздарының кәсіби білімі мен ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесінің мемлекет тарапынан жоғары бағаланатынын көрсетеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары