Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

2026 жылғы 28 қыркүйекте Мемлекеттік еңбек инспекторы А. Г. Закерьянов Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп "Севиль Жар" ЖШС -де еңбек ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді .
Іс- шара барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негізгі нормалары, еңбек құқықтарын сақтау және қорғау мәселелері, сондай -ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы талаптар түсіндірілді.
Өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу , қауіпсіздік талаптарын сақтау және өндірістік жарақаттану кезіндегі қызметкерлердің іс- әрекеттеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулерді өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді .









