
Еңбек күніне арналған іс-шаралар аясында мемлекеттік еңбек инспекторы А.В. Сергеев «Рахмет», «DostyqMall» және «CityMall» сауда орталықтарының алаңдарында халық пен кәсіпкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер барысында азаматтар мен бизнес өкілдеріне Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негізгі нормалары мен қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау талаптары түсіндірілді.
Еңбек қатынастарын ресми түрде рәсімдеу, жалақыны уақытылы және толық төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс режимін сақтау, сондай-ақ еңбек құқықтары бұзылған жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарына жүгіну тәртібі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек дауларының алдын алуға және еңбек заңнамасын сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.








