ШҚО-да есірткі жарнамасына қатысты 700-ден астам граффити жойылды

    ШҚО-да есірткі жарнамасына қатысты 700-ден астам граффити жойылды

    ШҚО-да есірткі жарнамасына қатысты 700-ден астам граффити жойылды

    Есірткі жарнамасы бүгінде интернетте ғана емес, көшелерде де заңсыз жазбалар, мекенжайлар мен QR-кодтар түрінде кездеседі. Шығыс Қазақстан облысында мұндай ақпаратты полиция қызметкерлері жастармен, волонтерлермен және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен бірлесіп тұрақты түрде анықтап, жойып келеді.

    Кезекті рейд барысында ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Esbol Qory» қоғамдық қорының, облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері және волонтерлермен бірге қала көшелері мен инфрақұрылым нысандарын тексерді. Нәтижесінде есірткі дүкендерінің мекенжайлары мен QR-кодтары бар 30-дан астам заңсыз жазба анықталып, жойылды.

    Мұндай жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Көшелердегі есірткі жарнамасын жою заңсыз есірткі айналымы туралы ақпараттың таралуына жол бермеуге және тұрғындардың мұндай фактілерге назар аударуына мүмкіндік береді.

    Жыл басынан бері полиция, қоғамдық ұйымдар, жастар мен волонтерлердің бірлескен жұмысының нәтижесінде облыс аумағында есірткі жарнамасы бар 700-ден астам заңсыз жазба мен QR-код жойылды. Бұл бағыттағы жұмыс «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жалғасуда.

    Полиция азаматтарды бейжай қалмауға шақырады: есірткі жарнамасын байқасаңыз, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз. Бірлескен жұмыс арқылы қаламызды қауіпсіз етуге үлес қоса аламыз.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары