Ақжал кентінің Сейфуллин көшесінің бойында мемлекеттік бюджет есебінен жаңа саябақ ашылды

    Ақжал кентінің Сейфуллин көшесінің бойында мемлекеттік бюджет есебінен жаңа саябақ ашылды

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ақжал кентінің Сейфуллин көшесінің бойында мемлекеттік бюджет есебінен жаңа саябақ ашылды.
    Елді мекенді көркейту, жасылдандыру және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мақсатында саябақ аумағына 250-ге жуық терек ағашы отырғызылды.
    Сонымен қатар, саябақтың ашылу шарасы аясында кент тұрғындары үшін арнайы ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шара елді мекеннің экологиялық жағдайын жақсартуға және халықтың әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары