Аудан әкімінің м.а. Д.Карсембаевтың төрағалығымен кезекті аппарат отырысы өтті. Жиында қыс мезгілінде елді мекендердегі автокөлік жолдарының дайындығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысы баяндалды. Сондай-ақ, Ақшатау кенті және Босаға мен Көктіңкөлі ауылдық округтерінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесі тыңдалды. Отырыс барысында жылу беру маусымының өту барысы, өрт кезінде анықталған факті бойынша жүргізілген жұмыстар, «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы мен профилактикалық шаралар, көлік салығы және шаруа қожалықтарынан түсетін салық түсімдері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сондай-ақ БАҚ пен әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстар жан-жақты талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, әр бағыттағы жұмысты уақытылы әрі сапалы орындау міндеттелді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








