Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз үй» ЖПІШ өткізілуде

    Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз үй» ЖПІШ өткізілуде

    Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз үй» ЖПІШ өткізілуде

    5 қазаннан 5 қарашаға дейін Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

    Іс-шара қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға бағытталған.

    Шара аясында полиция қызметкерлері проблемалы тұрғын үй нысандарын, жалдамалы пәтерлерді, саяжай алқаптарын, қараусыз қалған нысандарды аралап, шаруа және фермерлік қожалықтарды тексеруде.

    Азаматтар арасында алаяқтық пен мүліктік ұрлықтың алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылуда.

    Сонымен қатар ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған адамдар тексерілуде.

    Тұрғындармен жедел байланыс орнату мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістерінде учаскелік полиция инспекторларының QR-кодтары орналастырылған. Олардың көмегімен тұрғындар ұсыныстары мен өтініштерін жолдап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты проблемалық мәселелер туралы хабарлай алады.

    Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті азаматтарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға және жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары