5 қазан — Ұстаздар күнi құтты болсын!

    5 қазан — Ұстаздар күнi құтты болсын!

    Ардақты ұстаздар, қадірменді педагогтар!

    Ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беретін мұғалімдер қашан да ерекше құрметке лайық. Өйткені мұғалім — болашақтың бағыт-бағдарын айқындап, жастарды сара жолға салатын қастерлі тұлға. Елімізде 5 қазан — Ұстаздар күнi болып белгіленген. Баршаңызды бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы:
    «Мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды. Тарихы терең дәстүр сабақтастығы ұлттық тәрбие арқылы беріледі», – деген болатын.
    Шын мәнінде, ұстазға құрмет көрсету арқылы біз терең білім мен ғылымға жол ашамыз, бойымыздағы адамгершілік қасиеттерді шыңдап, биік мақсаттарға қол жеткіземіз. Бүгінде ауданымыздың іргелі білім ошақтарында мыңдаған шәкіртті баулып, күн сайын жаңа жетістіктерімен қуантып жүрген ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегі орасан.
    Осынау ұрпақ тәрбиелеу жолындағы жауапты әрі мәртебелі еңбектеріңіз үшін аудан жұртшылығы, ата-аналар мен шәкірттер атынан шынайы алғысымды білдіремін!
    Сіздер баулыған оқушылар оқуда озат, өмірде отаншыл, елжаны азамат болсын! Мәртебелеріңіз асқақтап, абыройларыңыз арта берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

    М.Мұхтаров

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары