
Қостанай облысының ТЖД қызметкерлері Қостанай қаласындағы И. Омаров атындағы драма театрының қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрмыста және жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі қағидалары, электр қауіпсіздігі талаптары, өрт және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.
Персоналдың өрт шыққан кездегі әрекеттеріне, көрермендерді эвакуациялау тәртібіне, сондай-ақ сахна мен сахна сыртындағы бөлмелерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында қызметкерлер ықтимал өрт жағдайларына байланысты практикалық жағдайлар мен іс-қимыл алгоритмдерін талқылады.









