Қауіпсіздік сақшылары: дрондар 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

    Қауіпсіздік сақшылары: дрондар 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

    Патрульдік полицияның жұмысы – жолдағы жағдайды күнделікті бақылау және жол-көлік оқиғаларына әкеп соғуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу. Заманауи технологиялар қызметкерлерге жол қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, дрондар құқық бұзушылықтарды әуеден анықтап, жүргізушілердің қауіпті әрекеттерін дер кезінде тоқтатуға көмектеседі. Жыл басынан бері дрондардың көмегімен 2 204 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 124 факті – қарсы бағыттағы жолаққа шығу, 255 – қауіпсіздік белдігін тақпауға қатысты, сондай-ақ 211 жағдайда көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану дерегі тіркелген. Мұндай әрбір құқық бұзушылықтың салдары ауыр болуы мүмкін. Қарсы жолаққа шығу маңдайша соқтығысуға әкелсе, көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану жүргізушінің назарын бөледі, ал қауіпсіздік белдігін тақпау ауыр жарақат алу қаупін арттырады. Патрульдік полицияның басты міндеті – құқық бұзушылықтарды тіркеу ғана емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, адам өмірін сақтау. Жолдағы қауіпсіздік – қозғалыстың басқа қатысушыларына деген құрметтен және әрбір жүргізушінің жауапкершілігінен басталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары