2026 жылғы 5 қазанда Көкшетау қаласындағы «Болашақ сарайында» Ақмола облысының әкімі М.Ахметжановтың қатысуымен Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген педагогтер, білім саласының ардагерлері және сала қызметкерлері марапатталды.
Салтанатты жиында Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О. Каппасов облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Аталған марапат білім беру сапасын қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіру, педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету және білім беру саласындағы сапаны арттыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға берілген жоғары баға болып табылады.
Бұл марапат Департамент ұжымының білім беру сапасын қамтамасыз ету бағытындағы қызметінің маңыздылығын айқындап, алдағы уақытта да сапалы әрі нәтижелі жұмысты жалғастыруға ынталандырады.




