
Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Самарқандта өткен Түркі әлемінің конституциялық юрисдикциялары конференциясы ұйымының (TÜRK-AY) отырысына қатысты.
Қатысушылар конституциялық сот төрелігінің өзекті мәселелері мен өңіраралық өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын, оның ішінде TÜRK-AY, Азия конституциялық соттары және балама институттар қауымдастығы (AACC) мен Еуразиялық конституциялық бақылау органдары қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар бекіту мәселелерін талқылады.









