
Комиссия отырысында алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары, жауын шашын салдарынан болуы мүмкін су тасқынын алдын алу, су өткізу арналары мен арық-атыздардың жағдайы, сондай-ақ су тасқыны қаупі бар аумақтардағы қауіпсіздік шаралары қаралды.
Жауапты мекемелерге су өткізу құрылыстарының дайындығын тексеру, арықтар мен каналдарды тазалау, су басу қаупі бар учаскелерді зерделеу және қажетті техникалық құралдар мен материалдық резервтерді алдын ала дайындау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
ІСонымен қатар, төтенше жағдай орын алған жағдайда халықты қауіпсіз жерге эвакуациялау, азаматтарды хабардар ету және авариялық-құтқару қызметтерінің жедел әрекет етуін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Комиссия мүшелері су тасқынының алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, жауапты органдардың өзара іс-қимылы күшейтілуі қажеттігін атап өтті.








