Түркістанда сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Түркістанда сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

    Түркістанда құрылыс саласындағы жаңа заңнама талаптары, сейсмикалық қауіптілік пен тәуекелді бағалау және қауіпсіздік карталарын әзірлеу мәселелері қаралды.

    Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының қызметкерлері құрылыс және сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы жаңа заңнама талаптарын түсіндіру және талқылау мақсатында жұмыс кеңесін өткізді.

    Кездесу барысында Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII Құрылыс кодексінің 2026 жылғы 25 тамыздағы жағдай бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескерілген ережелері қаралды.

    Талқылау барысында аумақтардың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сейсмикалық қауіптілік пен сейсмикалық тәуекелді бағалауға қойылатын талаптарға ерекше назар аударылды.

    Кеңеске қатысушылар Түркістан қаласының аумағын сейсмикалық микроаудандастыру карталарын, сондай-ақ сейсмикалық қауіптілік және сейсмикалық тәуекел карталарын әзірлеу мәселелерін талқылады.

    Сонымен қатар тиісті зерттеулер жүргізу, картографиялық материалдарды әзірлеу және ықтимал қауіпті аймақтарды анықтау кезінде мемлекеттік органдар мен ғылыми ұйымдардың өзара іс-қимылы қаралды.

    Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексі талаптарын іске асыру шеңберінде жұмысты одан әрі үйлестіру және өзара іс-қимылды жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

    Жүргізілетін жұмыстар халықтың сейсмикалық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және инфрақұрылым объектілерінің орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары