Ғасыр жасаған өрт сөндіру саласының ардагеріне құрмет көрсетілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Ғасыр жасаған өрт сөндіру саласының ардагеріне құрмет көрсетілді

    Халықаралық қарттар күні қарсаңында Түркістан облысы ТЖД өкілдері 100 жасқа толған өрт сөндіру саласының ардагері Инкарбек Батирбековтің шаңырағына барып, құрмет көрсетті.

    1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы Бекболат Төреқұлов пен Ардагерлер ұйымының төрағасы Сұлтанғали Смайылов өрт сөндіру саласынан зейнетке шыққан, 100 жасқа толған ардагер Инкарбек Батирбековтің шаңырағына арнайы барды.

    Кездесу барысында ғасыр жасаған ардагерге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы атынан жылы лебіздер айтылып, сый-құрмет көрсетілді.

    Инкарбек атамыз өрт сөндіру саласында еңбек еткен жылдарынан естеліктер айтып, жас мамандарға өзінің ақ батасын берді.

    Ғасыр жасаған ардагердің өмір жолы – жас ұрпаққа өнеге, ал оның саладағы ұзақ жылғы еңбегі қызметке адалдық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі.

    Кездесу барысында ардагерге зор денсаулық, отбасына амандық және ұзақ ғұмыр тілектері білдірілді.

    Ардагерлеріміз аман, мерейлері үстем болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары