Кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау түсіндірілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау түсіндірілді

    Түркістан облысында кәсіпкерлік нысандардың басшыларымен кездесу өтіп, өрттің алдын алу және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл мәселелері талқыланды.

    Іс-шара барысында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Қ. Алиханов кәсіпкерлік нысандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шаралар жөнінде баяндама жасады.

    Кездесу барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, нысандарда өрттің алдын алу, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс әрекет ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Қатысушыларға өрттің шығуына себеп болатын негізгі факторлар және олардың алдын алу жолдары түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптарын күнделікті қызмет барысында қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.

    Сонымен қатар кәсіпкерлік нысандардағы өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту, қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмін білуі және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу мәселелері қаралды.

    Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайту, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және кәсіпкерлік нысандарда өрттің алдын алуға бағытталған шараларды күшейту.

    Төтенше жағдайлардың алдын алу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары