АУДАНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

    АУДАНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА
    АУДАНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА
    Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Жаңа ауыл елді мекенінің тұрғыны Акрам Муратов соңғы бірнеше жылдан бері үйіргелік жерінің 15 соттығында жылыжай ісін қолға алып, қияр мен қызанақ егуді кәсіп еткен. Жылына 25 тоннаға дейін өнім алып, ауылының 10 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өнімдерін ауыл азаматтары мен Жетісай, Мақтаарал аудандарының дүкен-базарларына өткізеді.
    Жылыжай жұмысын жолға қойып, суды үнемдеумен қатар мол өнім алу мақсатында тамшылатып суғару әдісін енгізген азаматтың жұмысымен арнайы танысқан аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов жоғары бағасын берді.
    Ауданда ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтау, жаңа экспорттық тауарларды іздеуге арнайы жобалардың жүзеге асырылуын, өңірге инвестиция тарту, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын барынша күшейту, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру ісін мықтап қолға алған жылыжай иелері негізінен қызанақ, қияр, болгар бұрышы, баялды, лимон және гүл көшеттерін өсіреді. Оларға мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар да көрсетіліп келеді.
    Бүгінде аудандағы жылыжайлардың жалпы көлемі 129 азаматқа тиесілі 23,015 гектарды құраса, оның 3,555 гектары Жаңа ауыл ауылдық округінің 23 азаматына тиесілі. 76 шаруаға тиесілі 13,48 гектар жылыжай көгілдір отынмен жылыса, 53 шаруаға тиесілі 9,54 гектар жылыжай қатты отынмен жылытылады.
    Одан бөлек, ауданда бір жерден екі өнім алу 1528 гектар жерге, ал, тамшылатып суғару әдісі 3041 гектар алқапқа енгізілген.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары